"ProEco" Республикалық экологиялық жобалар конкурсының қалалық кезеңі
Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында "ProEco" Республикалық экологиялық жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Байқауда 23 қатысушы болды. Байқау қорытындысы бойынша 9 жүлделі орын анықталды. Біздің мектеп-гимназиямыздың үш оқушысы үш орынға ие болды. "Туған өлке табиғаты" бағыты бойынша 5 "В" сынып оқушысы Қайрат Шайзада ІІ орынға, "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша 5 "В" сынып оқушысы Жетпіс Санжар ІІІ орынға, "Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем" бағыты бойынша 5 "Б" сынып оқушысы Салыққызы Назерке ІІ орынға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!