oC

"Тіл және әдебиет" пән бірлестігінің "Цифрлық әлемдегі қазақ тілі" атты онкүндігі

Ағымдағы жылдың қаңтар айында "Тіл және әдебиет" пән бірлестігінің "Цифрлық әлемдегі қазақ тілі" атты онкүндігі өтті. Он күндік мәжіліс залында ашылудан басталды. Оқушылар ашылу барысында өз өнерлерін көрсетіп, цифрлық құрылғылар арқылы интелектуалдық ойындар ойнады. Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. 20.01. Забихолла Н.К. 5 "Г" сыныбымен "Бала қиялы. Зат есімнің мағыналық түрлері", 21.01. Канапина Г.О. 10"В" сыныбымен "Шашты" әңгімесінің көркемдік тілі тақырыбында, 22.01. Ибикенова Л.К. 9 "А" сыныбымен І.Жансүгіров. "Құлагер" поэмасы. "Бай-бай, құлагерім!", Түгел А.М. 8 "А" сыныбымен М.Дулатов. "Бақытсыз Жамал" шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі" , Бекенова С.К. 5 "А" сыныбымен "Қиял мен шындық бірлігі" тақырыптарында, 23.01. Уахит М.С. 7 "Б" сыныбымен "М.Әуезов. "Көксерек" әңгімесі тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. Өткізген ашық сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты. Ұстаздар сабақтарына жан-жақты, үлкен шығармашлықпен дайындалған. Сабақтарында цифрлық технологияны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, тиімді, жан-жақты қолдана білді. Оқушыларымыз сабақтарға үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты. Қатысқан ұстаздар және мектеп әкімшілігі оң бағаларын берді.

image-26 image-27 image-28 image-29 image-30