"Математика және информатика" пән бірлестігінің әдістемелік күні
Ағымдағы жылдың 28.01-30.01 аралығында "Математика және информатика" пән бірлестігінің әдістемелік күні өтті. Мақсаты: Ұстаздармен тәжірибе алмасу. Әдістемелік күн барысында математика және информатика пән мұғалімдері өз ашық сабақтарын берді. 28.01 күні математика пән мұғалімдері Кокишева А.М, Косбергенова А.М. 9 "А", 9 "Б" сыныптарымен "Тригонометриялық тепе-теңдіктер", Жақсылық Т.А. 6 "Г" сыныбымен "Теңдеулер көмегімен мәтінді есептер шығару", информатика пән мұғалімдері Игісін Т.С. 4 "А" сыныбымен "Видео жазбаны өңдеу", 6 "А" сыныбымен Қуаныш Н.Е. "Тіл алфавиті синтаксис" тақырыптарында өткізсе, 29.01. күні математика пән мұғалімдері Ажибаева А.А., Төлендіқызы Қ 5 "А" және "Г"сыныптарымен "Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу", Баяхметова К.Б. 7 "А" сыныбымен "Қысқаша көбейту формулалары" тақырыптарында, информатика пән мұғалімдері Жақсылық З.Б. 10"В" сыныбымен "Кестелер құру", Дүйсенов Қ.А. 3"Б" сыныбымен "Құжаттарды рәсімдейміз" тақырыптарында ашық сабақтарын берді. Ұстаздардың сабақтарына пән мұғалімдері және директордың оқу және ғылыми ісі жөніндегі орынбасарлары кіріп, оң бағаларын беріп шықты. Сабақтарда жаңа цифрлық технологиялар қолданылып, топтық, жұптық, жекелей жұмыстар жүргізілді. Қолданылған технологиялар әр оқушының жас ерекшелігіне сай және тиімді пайдаланылды. Өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарымызға рахмет.