oC

"Тарих біліміндегі цифрлық технологиялар" тақырыбындағы "Адам және қоғам" пән бірлестігінің апталығы

17.02-24.02 аралығында мектеп-гимназиямызда "Адам және қоғам" пән бірлестігінің "Тарих біліміндегі цифрлық технологиялар" тақырыбында апталығы өтті. Апталық салтанатты ашылудан басталды. Апталық барысында тарих және құқық негіздері пән мұғалімдері өз ашық сабақтарын беріп, сыныптан тыс іс шараларын өткізді. 18.02. Қабимолда А. 6 "Г" сыныбымен "XIII-XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті" , 19.02. Батталова Ж.А. 10 "Б" сыныбымен "Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі", Амангелді А.А. 7 "Б" сыныбымен "Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аудару саясаты" тақырыптарында, 20.02. Булебаева Л.К. 5 "Г" сыныбымен "Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы" , Турсунбеков А.Ж. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі" тақырыптарында өтсе, 21.02. құқық негіздері пән мұғалімі Тургумбаева Г.Ш. "Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?" тақырыбында өтті. Ұстаздарымыздың сабақтары үлкен шығармашылық деңгейде, жан-жақты, жаңа цифрлық технологияларды тиімді пайдалана отыра өтті. Оқушылар белсенді ат салысып, үлкен қызығушылық танытты. Қатысқан ұстаздар оң бағаларын берді. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілеймін!

 

image-42  image-43 

image-44image-45