А. Құнанбайұлына арналған "Қуат алып Абайдың тіл күшінен..." атты мектепшілік дәстүрлі "Абай Оқулары" өткізілді. Жыл керуені алдыға жалжыған сайын А. Құнанбайұлының артынан қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпи сәлесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. "Абай оқулары" 6 кезеңі бойынша өткізілді.
І номинация. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу сайысы.
ІІ номинация "Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша Абай қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
ІІІ номинация. Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары номинациясы бойынша Ш. Құдайбердіұлы, А. Абайұлы, М. Абайұлы шығармаларын жатқа мәнерлеп айтуы, толық білуі, саны бағаланды.
IV номинация. "Көңілім әнді ұғады" - Абай мен Шәкәрім өлеңдерін және күйлерін орындау сайысы.
V номинация. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" - жас дарындар байқауы.
VІ номинация. "Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі " - номинациясы бойынша Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай алуы керек болды.
Жалпы сайысқа бастауыш сынып оқушылары мен жоғарғы буын оқушылары қатысты.
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты І номинация басауыш сынып оқушылары арасында, 1- сынып оқушылары бойынша, І - орынды Аянқызы Аяжан, ІІ - орынды Бейбіт Алихан жеңіп алды. 2 - сынып оқушылары бойынша, І - орынды Сәндібек Абдурахман, ІІ - орынды Думанова Айзере, Амантай Нұрислам иеленді. 3 - сынып оқушылары бойынша, І -орынды Думанова Інжі, ІІ - орынды Салыққызы Іңкәр, ІІІ - орынды Қанатқызы Ләйлә, Мейрамханқызы Сабина, Төлеш Әлисұлтан жеңіп алды. 4 - сыныптар бойынша, І - орынды Берікқызы Інжу, ІІ - орынды Ғалымжан Зере, ІІІ - орынды Әлімбай Көркем жеңіп алды.
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты І номинация жоғарғы буын оқушылары арасында, І - орынды Атлант Аруна (қалалық кезеңге жолдама алды), ІІ - орынды Дүйсенғали Жаннұр, Амантай Еркеназ, Абылайхан Інжу, ІІІ - орынды Түгел Мадина, Амантай Айару жеңіп алды.
ІІ номинация "Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша І - орынды Бахметова Ұлжалғас (қалалық кезеңге жолдама алды), ІІ - орынға Әшір Нұрсая ие болды.
ІІІ номинация. Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары номинациясы бойынша ІІ - орынға ие болған Жұмабек Көркем.
IV номинация. "Көңілім әнді ұғады" бойынша, І - орынды Биахмет Айым (қалалық кезеңге жолдама алды), ІІ - орынды Бертағы Амина ІІІ- орынды Балтабай Ахмет, Бақыт Төре жеңіп алды.
V номинация. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бойынша, І - орынға ие болған Отар Мұхаммедәли (қалалық кезеңге жолдама алды).
VІ номинация. "Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі " - номинациясы бойынша І - орынға ие болған Тойлыбай Гаухар (қалалық кезеңге жолдама алды).