oC

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арнап  «Тоғыз айға  9 іс-шара» жобасы аясында өткізілген «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» республикалық челленджін ҚР ОАМ

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырды. Тұжырымдамаға сәйкес челленджге еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген білім алушылар қатысты.Осы челленджге Қостанай облысының атынан Арқалық қаласы, Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы қатысып,республикалық Абай оқулары байқауының "Ерекше жетістігі" үшін арнайы марапат иесі 10«Б»сынып оқушысы Нұржанова Нұрсая Қарағанды облысынан челленджді   қабылдап алып,Абай Құнанбайұлының “Масғұт” поэмасынан үзінді оқып, өз кезегінде челленджді Қызылорда облысына жолдады.