oC

«Абай оқулары-2025» республикалық байқауының мектепшілік кезеңі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 28.02.2025ж. «Абай оқулары – 2025» республикалық байқауының мектепшілік кезеңі өтті.

 Байқау мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген оқушылардың ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді. Байқауға 1-11 сынып оқушылары белсене қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.

 Сайыс 6 кезеңнен тұрды:

1-кезең «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

2-кезең «Абайдың қарасөздері»

3-кезең «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»

4-кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

5-кезең «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» 

6-кезең «Көңілім әнді ұғады»

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Ⅰ орын:

1«Б»сынып оқушысы – Берікқызы Айша, 3«Б» сынып оқушысы Думанова Айзере, 3«Г» сынып оқушысы Берікұлы Нұрмұхаммед, Сәндібек Абдурахман, 4«Б» сынып оқушысы Мейрамханқызы Сабина,5 «Г» сынып оқушысы Берікқызы Інжу,7 «В» сынып оқушысы Аментай Еркеназ,8 «А» сынып оқушысы Атлант Аруна

«Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша Ⅰ орын:

8 «А» сынып оқушысы Сәрсенбай Айару

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Ⅰ орын:

7 «В» сынып оқушысы Жұмабек Көркем

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Ⅰ орын:

11 «Б» сынып оқушысы Отар Мұхамедали

«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»  номинациясы бойынша Ⅰ орын:

11 «» сынып оқушысы Тойлыбай Гаухар

«Көңілім әнді ұғады»номинациясы бойынша  Ⅰ орын:                                                                3 «Б» сынып оқушысы Бақыт Төре,4 «Б» Бертағы Әмина, 6«Г» сынып оқушысы Қайрат Жайдары алып,қалалық кезеңіне өтті.                                                         Қазақтың атын өшірмей, шырағын жаққан, өзгелерге танытқан ақын атамыздың өлендерінен нәр алған жас өркендердің өлең өнерінде шарықтап,өз орындарын табарына кәміл сенемін!

 

image-3

image-4

image-5

image-6

image-7

А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Забихолла Назерке Кенжебекқызы