oC

 

Ағымдағы жылдың 3 қазанында мектеп-гимназиямызда облыстық 3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты- оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу және дарынды балаларды қолдау. 3-4 сыныптар арасында өткен олимпиадаға жалпы мектеп-гимназиямыздан 3 сыныптан 13 оқушы, 4 сыныптан 24 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қалалық кезеңге 3 сыныптан Ормаш А, Қайырбекқызы К, Пархан А, 4 сыныптардан Әбдуғафар Ә, Берікұлы Н, Койшикулова К жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!