25–26 қараша 2025 жыл — “Жас маман” мектебінің әдістемелік күні өтті.
Әдістемелік күннің негізгі мақсаты — жас педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту, олардың педагогикалық шеберлігін шыңдау және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануына әдістемелік қолдау көрсету болды.
Жалпы 8 жас маман өз пәндері бойынша ашық сабақтар өткізіп, шығармашылық ізденісін, кәсіби жауапкершілігін және жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қабілетін танытты.
Ашық сабақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, келесі ерекшеліктерімен көзге түсті:
🔹Оқушылардың қызығушылығын арттыратын интерактивті әдістер қолданылды;
🔹Сандық ресурстар мен жаңа технологиялар тиімді пайдаланылды;
🔹Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай іріктелді;
🔹Сабақтың әр кезеңі жүйелі, мақсатқа бағытталған түрде құрылды;
🔹Оқушы белсенділігі мен ойлау дағдыларын дамытуға басымдық берілді.
Әр сабақтан кейін әдістемелік талдау жүргізіліп, тәжірибелі ұстаздар тарапынан ұсыныстар мен кері байланыс берілді. Бұл күн жас мамандар үшін кәсіби өсуге, жаңа ой қалыптастыруға және педагогикалық тәжірибесін байытуға зор мүмкіндік болды.
Осындай шаралар білім сапасын арттыруға, болашақта бәсекеге қабілетті ұстаздардың қалыптасуына оң ықпал ететіні сөзсіз. 











