Білім беру үдерісіне заманауи технологияларды тиімді енгізу мақсатында «Білім берудегі жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер мен тиімді тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарды Бекенова С.К. жүргізіп, қатысушыларға жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу-тәрбие жұмысында қолдану жолдарын жан-жақты түсіндірді.
Іс-шараға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, сондай-ақ жас мамандар белсене қатысты. Семинар барысында цифрлық құралдар, жасанды интеллект платформалары, тапсырмаларды автоматтандыру, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған интерактивті әдістер қарастырылды.
Практикалық бөлімде қатысушылар жасанды интеллектті сабақ жоспарын құруда, мәтінмен жұмыс жасауда, бағалау мен кері байланыс беруде тиімді қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді. Семинар мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, жаңашыл көзқарасын қалыптастыруға зор мүмкіндік берді.
Осындай мазмұнды кездесулер педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытып, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.
✨ Болашақ білім — цифрлық технологиямен ұштасқан білім!








