204-2025 оқу жылындағы №1 жас мамандар отырысы
12.09.2024 жыл биылғы оқу жылындағы алғашқы жас мамандар отырысы болды. Биылғы оқу жылында 9 жас маман жұмыс атқаруда. Мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік бағыт-бағдар беру, психологиялық қолдау көрсету. Отырыстың алғашқы мәселесі бойынша мектебіміздің психологтары Мырзағалиева М.С. Байбосынова К.Г. жас мамандармен тренинг өткізіп, жұмыс барысында ата-анамен, оқушымен қалай тіл табысу керек, проблемалық жағдайлардан қалай шығу керектігі жөнінде кеңес берді. Екінші мәселе бойынша мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Жақсылықова З.Б. "Bilimclass.kz" журналымен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндірді. Үшінші мәселе бойынша мектеп-гимназия директорының ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары Кикбаева А.Т. "Оқытуда цифрлы технологияларды қолдану" тақырыбында оқыту барысында жасанды интелектпен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіріп, практикалық жұмыс жүргізді.