Тарихи анықтама
Еңбекшілер депутаттары Арқалық қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1977 жылғы 9 қыркүйегіндегі №17 №5255 шешімі бойынша Абай Құнанбаевтың есімі беріліп №6 орта мектеп ашылып Арқалық қалалық білім бөліміне бағынған.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумының 2 маусым 1988 жылғы Жарлығымен Торғай облысы жабылып, Арқалық қалалық халықтық білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебі Қостанай облысына енгізілді.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумының 17 тамыз 1990 жылғы Қаулысымен Торғай облысының қайта құрылуына байланысты Арқалық қалалық халықтық білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебі Торғай облысының құрамына енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – территориялық құрылымын оңтайландыру шаралары туралы» 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығымен торғай облысы ыдыратылып, Арқалық қалалық білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебі Қостанай облысының құрамына енгізілді.
ҚР Президентінің 1997 жылғы 17 маусымындағы №3550 Жарлығымен транскрипцияның өзгертілуіне байланысты орыс тіліндегі «Кустанай облысы» деп аталған «Қостанай облысы» болып өзгертілді.
Арқалық қаласы әкімдігінің 1999 жылғы 26 қаңтарындағы №169 шешіміне сәйкес құрылтайшы Арқалық қалалық оқу бөлімінің мекемеден мемлекеттік мекеме болып қайта тіркелген.
Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпанындағы №38 Қаулысымен «А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қостанай облысы Арқалық қалалық білім және спорт бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін профильді мектебі» мемлекеттік мекемесі деп өзгертілген.
Арқалық қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпанындағы №116 Қаулысымен «Арқалық қаласының білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін профильді мектебі» мемлекеттік мекемесі деп өзгертілді.
Мектептің мекен-жайы: 110300 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ш.Жәнібек көшесі, 91.
Мекеменің заңды мәртебесі:
Мекеме коммерциялық емес ұйым болып есептеледі, өз атынан мүліктік немесе мүліктік емес құқыларды жүзеге асыра алады, оның қызметтеріне байланысты міндеттемелер жүктейді, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы болған.
Мекеменің қызметінің негізгі мақсаты барлық азаматтардың мемлекеттік стандарт шегінде тегін негізгі жалпы білім беру дәрежесінде білім алуға Қазақстан Республикасының Конституциясы берген кепілдікті жүзеге асыру болып табылады.
Мекеменің негізгі мақсаты – тұлғаның жаралу, даму және қалыптасуына арналаған жалпы білім бағдарламасының міндетті минимумын алуға қажетті жағдайлар жасау, өсіп жеткен ұрпақтарды ұлттық және жалпы кісілік қазыналар негізінде, ғылым және тәжірибе жетістіктерінде қоғамда өмір сүруге жерсіндіру.
Мектеп тарихы. Қазақ сыныптарының ашылуы.
Қазақ халқының ұлы ақыны, халқымыздың мақтанышы, ұлттық философияның негізін салушы халқымыздың біртуар азаматы ұлы Абай атындағы атаулы мектеп 1977 жылдың 13-ші қыркүйегінде пайдалануға беріліп, оның басшысы Глебский Леонид Федорович болып сайланып, алғашқы басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Одинцов тағайындалды. Мектеп таза орыс тілінде жұмыс жасады. Мектеп 1176 балаға арналып ашылды. Бірақ алғашқы 1977-1978 оқу жылында 879 оқушы қабылданды.
Басшылыққа О. Даулетқызының келуі.
1978 жылдан бері ұлы Абай мектебін басқаруға Даулетова Орал Даулетқызы келді. Елжанды, ұлтжанды ұстаз ананың, талмас еңбегінің арқасында 1990 жылдан бастап қазақ сыныптарына оқушылар қабылдана бастады. 1990-1991 оқу жылы 1- қазақ сыныбын 9 оқушы аяқтады.
1992 жылы Республикадағы екі тірек мектебінің біреуі болып, жарияланды. «Тәрбие – тал бесіктен басталады», «Ең бірінші адамға тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», -деп Әл-Фараби айтпақшы 1987 жылдан бастап қазақ сыныптары ашыла бастады да, ұлттық тіл ұлттық тарихпен, мәдениетпен, мінез-құлықпен, салт-дәстүрлермен байланыстыра жүргізу мүмкіндігі туып, бұл мәселелерді жүзеге асыруды түбегейлі ойластыру қажеттілігі туындады. Нәтижесінде мектеп директоры О.Дәулетқызының авторлық «Асыл мұра» бағдарламасы дүниеге келді.
Нәтижесінде мектеп деректоры О.Дәулетқызының авторлық “Асыл мұра” бағдарламасы дүниеге келді. Бұл бағдарлама оқушылардың жас шамасына байланысты жасалды. Мысалы,
1-2 сыныптар «Ұлттық ойындар»,
3-4 сыныптар «Төрт түлік»,
5-сыныптар «Шежіре»,
6-сыныптар «Ас, ою-өрнек»,
7-сыныптар «Бабалар өсиеті»,
8-сыныптар «Домбыра-дастан»,
9-сыныптар «Қол-өнер»,
10-сыныптар «Салт-дәстүр»,
11-сыныптар «ата-ана келбеті» бағыттарымен жұмыс жасады.
1993 жылы “Асыл мұра ” әдіскерлік құрал Арқалық қаласында басылып шықты.
Бұл бағдарлама республикада, аймақта көптеген мектептерде басшылыққа алынып, оқу-тәрбие ісінде пайдаланып келеді. Бағдарлама қазақ мектептеріне арналса, орыс тілді мектептер үшін “К истокам народной мудрости “атты 2000 жылы оқу әдістемелік құрал жазылды.
“Асыл мұра” бағдарламасы 1996 жылы Республика көлеміндегі жаңашыл мектептердің сайысында жеңіске жетіп, «Сорос-Қазақстан» фондының жеңімпазы болды. Конкурста үздік, жаңашыл мектеп деп таңылды және сертификатпен марапатталды. Мектепке 3 компьютер, принтер, көрнекті құнды әдеби кітаптар мен қатар 5000 АҚШ долларын тарту етті. Орал Дәулетқызының еңбегі ерекше еленіп, жоғары бағаға ие болды.
1994 жылы – ҚР Білім министрінің 2 ақпандағы №30 бұйрығымен
«Халық педагогикасы қағидаларын оқу процесіне негіздеудегі Республикалық атаулы мектеп» статусы берілді. Аталмыш бағдарлама Алматыда, республикалық баспа кабинетінде басылып, кітап барлық облыстарға таратылды.
“Абай” мұражайы
Салт-дәстүрін дәріптеп, танымы кеңейген, оқушылардың сөз өнерін дәріптеу мақсатында 1995 жылы мектеп басшысы Орал Дәулетқызының басшылығымен А.Құнанбаевтың 150 жылдығына орай мектепте Абайдың танымдылық мұражайы ашылды.
Мұражай дерекнамасы.
-
Мұражайдың құрылған жылы: 1995жыл, тамыз айы.
-
Бөлімдері:
-
«Абайдай дана әкелген»
-
«Өскен орта –алтын бесік»
-
«Нәр алған үш арна»
-
«Ғұлама, ақын, сазгер – Абай дана»
-
«Ер намысы – ел намысы»
-
«Шәкіртсіз ғалым – тұл»
-
Негізгі қоры:
а) Абай замандағы кітаптар (араб тілінде жазылған, мұражайға Сейіт Кенжеахметұлы тапсырған).
Араб хрестоматиясы. Санкт-Петербург, 1876 жыл. 1930 жыл. 30 кыркүйекте Абайға мінездеме (фото көшірме)
Абайдың өз үйінде отбасымен түскен соңғы суреті (фото көшірме).
ә) ұлттық бұйымдар: домбыра, қобыз, шапан, тақия, тостағандар, Абайдың 150 жылдығына арналған түкті кілемше;
ұлттық әйел киімі, керме тақия;
4. көмекші қоры:
Абай танушылар еңбектері
Абай энциклопедиясы; Абай журналдары;
Фото документтер, фото суреттер.
Бұл мұражай Ш. Уәлиханов мектебімен, облыстық мұражайымен, қалалық білім бөлімімен «Асыл мұра» авторлық бағдарламасы, қосымша білім беру мектебімен және оқушылар парламентімен тығыз байланыста болды.
Абай тану сабақтарының мәнін тереңдету үшін сабақтар тікелей мұражай бөлмесінде өтті.
Өзге мектептерден (қаладағы №1, №2, №3, №4, №5, №8, №10) үлкен, кіші гимназия оқушылары келіп, саяхат сабақтарын өткізді. Мұражай кеңінен таңылып, өскелең ұрпаққа берері мен үйретері көп. Мектепте тәрбие жұмысын әрі қарай жандандыру мақсатында 1996 жылы өзін-өзі басқару, яғни оқушылар парламенті құрылды. Парламент жеті бөлімнен тұрды.
-
Сана
-
Парасат
-
Әділет
-
Ақпарат
-
Айна
-
Қаржы
-
Сергектік министрлігі бөлімдерінен тұрды.
Парламенттің ең алғашқы президенті Ардақ Нәкенов болды. Бұл парламенттің оқушылары өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында жеткен жетістіктері жоғары дәрежеде болды. Аталған парламент күні бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді.
1996-1997 оқу жылында Абай мектебі алғашқы аймақтық семинарын өте жақсы дәрежеде өткізді.
1997 жылы алғашқы ата-аналар ассоциясы құрылып, алғашқы президенті ата-ана Ғалым Мүсіров сайланды.
Республика көлеміне танымал болған мектептің атына заты сай. Оқушылары тек білім нәрімен ғана сусындап қана қоймай, өнерге де қанат самғауына мүмкіндік жасалған. Бұған дәлел 1997 жылы «Ақбота» би- ансамблі құрылды, жетекшісі халық ағарту ісінің үздігі Ерсін Жүсіпов.
Жүсіпов Ерсін 1949 жылы 13 маусымда дүниеге келген. 1975 жылы Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылына жолдамамен келген жас маман еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастап, 1980 жылдан мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары, 1996 жылдан бастап Арқалық қаласы А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектепте ырғақ пәнінен сабақ беріп, «Ақбота» халықтық би ансамблінің жетекшісі болып қызмет атқаруда. Жүсіпов Ерсін оқу- тәрбие саласындағы қызметін абыройлы атқарып, қала өміріндегі барлық іс-шаралардың ұйытқысы болып, ансамбль мүшелеріне сахна мәдениетін ұғындырып, шығармашылық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын арттырады.
1971 жылы Аманкелді аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарған уақытында Торғай облысы атынан Алматы қаласында өткен республикалық фестивальға облыстық «Торғай әуендері» өнерпаздары құрамында би номинациясы бойынша үздік деп танылып, В.И.Ленин атындағы сарайда гала концертте өнер көрсетті. 1982-1985 жылдары «Байғабыл» орта мектебінің өнерпаздары жайында республикалық теледидардан хабар берілді. 1991 жылы Аманкелді аудандық ұлт-аспаптар оркестер құрамымен Түркияда өткен халықаралық өнер фестиваліне қатысты.
А.Құнанбаев атындағы №6 мектепте 1997 жылы ұстаз бастамасымен «Ақбота» би ансамблі құрылды. Аталмыш ансамбль «Торғай жұлдыздары» байқауының лауреаты атағын екі рет жеңіп алды. 2000 жылы Қостанай қаласында өткен «Болашақ» халықаралық байқауының лауреаты атағын алса, 2002 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық IV «Қызғылт жал» байқауында лауреат атанды. 2003 жылы Алматы қаласында өткен «Ақ көгершін» республикалық фестивалінің лауреаты атанып, 2004 жылы «Халықтық би ансамблі» атағын алды. 2005 жылы облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты атанып, 2006 жылы Қостанай қаласында өткен Ш. Жиенқұлованың құрметіне өткен аймақтық қазақ билері байқауында гран-приді иеленсе, 2007 жылы Алматы қаласында өткен «Ақ көгершін» республикалық байқауында I орын, осы жылы Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» халықаралық байқауында II орын алды. 2008 жылы Алматы қаласында «Бозторғай» халықаралық байқауында I орын, 2009 жылы Алматы қаласында «Ақ көгершін» республикалық байқауында I орын, осы жылы Қарағанды қаласында өткен Қазақстанның V Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарында халық биі номинациясы бойынша «Кәсіби біліктілігі үшін» дипломымен марапатталса, 2010 жылы Қостанай қаласында «Армандастар» облыстық би ұжымдары байқауында гран-при, 2010 жылы Алматыда «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы І халықаралық ән-би байқауында І орын алып. Осы жылы «Халықтық би ансамблі» атағын растады. 2011 жылы Ақтөбе қаласында Республикалық «Назерке» халықтық би ұжымдары байқауында І дәрежелі дипломат атанып, осы жылы Алматы қаласында «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы І халықаралық ән-би байқауында ансамбльдің бүлдіршіндер тобы ІІ орын, ал «Күншуақ» республикалық фестивалінде ансамбль мүшелері І орынды алып, ұстаз мерейін үстем етті.
Осы жылдары Жүсіпов Ерсін аса көрегендігі, ұйымдастыру қабілетінің өте жоғары, қайсарлығы мен қажырлылығының қандай деңгейде екенін өмір өзі дәлелдеп берді.
Жүсіпов Ерсін 1993 жылы Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі белгісімен және жоғарыда аталған облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда (2000-2012ж.ж) ұйымдастыру алқасының алғыс хаттарымен, арнайы дипломдарымен марапатталды. Қаланың тыныс-тіршілігіне еңбек сіңірген Жүсіпов Ерсін қала тарихында алатын орны да ерекше. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталса, 2012 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағын алса, қосымша білім беру саласының үздік педагогы номинациясының иегері атанды.
«Ақбота» халықтық би ансамлінің жетістіктері
№ | Жылы | Болған жері | Байқау аты | орны |
1 | 2000 | Қостанай | «Болашақ» халықаралық фестивалі | лауреат |
2 | 2002 | Алматы | «Қызғылт жал» халықаралық фестивалі | Лауреат |
3 | 2003 | Алматы | «Ақ көгершін» республикалық фестивалі | Лауреат |
4 | 2004 | Қостанай | «Халықтық би ансамблі» атағын алу | |
5 | 2004 | Қостанай | «Қазақ биі» облыстық байқауы | І орын |
6 | 2005 | Астана | «Болашақ» республикалық фестивалі | Премия иегері |
7 | 2005 | Қостанай | Облыстық меценаттар клубы | Лауреат |
8 | 2006 | Қостанай | Аймақтық би байқауы | Гран-при |
9 | 2007 | Алматы | «Ақ көгершін» республикалық фестивалі | І орын |
10 | 2007 | Астана | «Ақ көгершін» халықаралық байқауы | ІІ орын |
11 | 2008 | Астана | «Ақ көгершін» халықаралық фестивалі | ІІ орын |
12 | 2008 | Алматы | «Бозторғай» халықаралық фестивалі | І орын |
13 | 2009 | Қарағанды | «Ұлттық дельфийлік ойындар» | Дипломант |
14 | 2009 | Алматы | «Ақ көгершін» республикалық фестивалі | І орын |
15 | 2010 | Қостанай | «Армандастар» облыстық фестивалі | Гран при |
16 | 2010 | Алматы | «Ғұмырдария» Бірінші халықаралық ән-би байқауы | І орын |
17 | 2011 | Ақтөбе | «Назерке» республикалық байқауы | І дәрежелі дипломант |
18 | 2011 | Алматы | «Ғұмырдария» Екінші халықаралық ән-би байқауы | ІІ орын |
Қазақ-қазақ болғалы онымен бірге жасасып келе жатқан қастерлі бір мұра бар. Ол – халқымыздың дархан көңіліне сай, бірде екпіндете дүбірлетіп, бірде желпінтіп ішіндегі ащы зарынды, көңіл-сезіміне жеткізе, сай сүйегіңді сырқырата бебеулететін қос шекті домбыра. Қасиетті қара домбырасын өмірлік өнер серігі еткен домбырашылардың бірі – Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің озық қызметкері Қайырғали Әбішев.
Қайырғали Әбішевтің жетекшілік етумен А.Құнанбаев атындағы №6 мектептің жанынан 1998 жылы “Әсем қоңыр” ұлт аспаптар оркестрі құрылды. Оркестр құрамына талантты бейімді оқушылар кірді. Оның құрамына 60-қа тарта оқушы тартылды. Қаладағы әр түрлі тақырыптарда мекемелерде түрлі өнер сайыстарында өнер көрсетіп жүрді.
2002 жылы оркестрге жаңа ат берілді. Осы жылдан бастап “Сарыарқа”деп аталады.
“Асыл мұра” тәрбие орталығы
1987 жылдан бастап мектепте қазақ сыныптары ашыла бастады да, ұлттық тіл тарихпен, мәдениетпен, мінез-құлықпен, салт-дәстүрмен қабаттаса, байланыстыра жүргізу мүмкіндігі туып, бұл мәселелерді түбегейлі ойластыру қажеттілігі туындады. Нәтижесінде мектеп директоры О.Дәулетқызының авторлық “Асыл мұра ”бағдарламасы дүниеге келді. Бағдарлама төмендегі мазмұнда жасалынды:
1-2 сыныптар “Ұлттық ойындар ”Жеткіншектің ұлттық санасын,дүниетанымын,болмыс – нанымын қалыптастыруды ұлттық ойындардан басу алу керек. Өйткені ойындар-бар өнердің бастауы, олар арқылы шап-шаңдықты, ептілікті, күштілікті, тез ойлап дұрыс шешім қабылдауды, әр баланың жеке табиғи дарындарын дөп басип ,оларды дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға болады.Әр салалы тәрбиенің бастауы ойын түрінде іргесі қаланып , 3-4 сыныптарда еңбек тәрбиесімен ұласады. Оқушылар халқымыздың ежелгі өндірісі төрт түлік малмен танысып , олардың ерекшеліктерін жете үйреніп өйткенді, бүгінгі күні де байлығымыздың, тіршілігіміздің,молшылығымыздың негі осы мал екенің түсініп, еңбекқорлықтың, кәсіпкерліктің мағұлматтарын алады.
5-сынып оқушыларды ұлттық шежіремізбен танысып, халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы ақбілектің күшімен,көк найзаның ұшымен ұлан –ғайыр ата мекенін қорғап, бүгінгі күнге жеткізгенін, келешек тағдыры бүгінгі күнге жеткізгенін, келешек тағдыры бүгінгі күнгі жеткіншектің санасына сіңіру.
6-сынып оқушылары ұлттық тағамдардың атауланы ғана емес, жасалу жолдарын игеріп,ұлттық тағамдарымыздың ерекшеліктерін қазақтың қонақжайлығымен сабақтастырып, ою-өрнектің түрлерімен, шеберліктің үлгілерімен танысады.
7-сынып оқушылары ата-бабадан қалған сөзді үйренеді. Саналы сөзді халқымыздың сары алтынмен тең бағалап, сөздің ұлылығын, этикалық қасиеттерін айқындай түсіп, өренінің өнегелі, өнерлі болуын мақсат еткенің жеткізу. Тіл – адамның сәбилік кезінен бүгінгі күнге дейінгі өмірінің айнасы, мдениеті мен ақыл-ойының алтын қоймасы екенін ұғындыру.
8-сынып оқушылары халқымыздың барлық ұлттық аспаптарымен, атақты әнші, күйші, жыршыларымызбен жан-жақты танысады. Эстетикалық тәрбие өнерде және өмірде сұлулықты бағалау, оны түсіну, бағалай білуін қалыптастырады. Қазақ халқы өте өнерпаз халық. Аспаптардың атасы – домбыра. Бағыт «Домбыра-дастан» деп аталады.
9-сынып оқушылары «Қолөнер» бағыты бойынша халқымыздың сонау ескі заманнан бері өзімен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан бай қазынасы қолөнерімен ауызша ғана танысып қоймай, ер балалар мен қыз балалар жек шеберлігін қалыптастыруға дағдыланады.
10-сыныптағы саналы тәрбие – «Салт». Ұлттық жан-күй үйлесімі үш бөлітен тұрады: ол –ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш топқа бөлінеді. Қай халықта болмасын жұбайлар отбасын құрған соң, олар бала сүюді арман етеді. Себебі, бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу діңгегі. Осыдан барып, 11 сыныпта «Ата-ана келбеті» туындайды.
Сонымен, ұлттық тәрбиені ойыннан бастаған жеткіншектер мектепті бітірген кезде саналы азамат болып қалыптасып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуден мағлұматы бар салауатты жанұя иелері болып шығады. Халықтық тәлім-тәрбиені бағдарламаға сәйкес жүйелі түрде жүргізу мақсатында сабақ кестесіне арнайы «Халық тағылымы» пәні енгізілген. Ол пән 1-7 сыныптар аралығында аптасына бір сағаттан, 8-11 сыныптары арасында аптасына екі сағаттан өтіледі. 1992-1995 жылдар аралығында мектепте бірнеше рет қалалық, облыстық, Республикалық ғылыми- практикалық конференциялар болып, оларға Қазақстанның бірнеше облыстарынан адамдар қатысты (Көкшетаудан, Жезғазғаннан, Павлодардан, Талдықорғаннан, Қарағандыдан т.б) бағдарлама аясында оқу-әдістемелік құралдар да дайындалды.
Сорос бағдарламасы ұлттық тәрбиеде.
1996 жылы Американдық Джорж Сорос жаңашыл мектептер арасында «Сорос-Қазақстан» бағдарламасы атты конкурсқа Қазақстан бойынша көптеген мектептер қатысты, солардың бірі болып Торғай облысы бойынша біздің мектеп те қатысқан болатын «Сорос-Қазақстан» Алматы қаласында үлкен семинар болып ұйымдастырды. Осы семинарға біздің Торғай өңірінен 2-оқушы жолдама алды. Олар мектебіміздің озат оқушылары: мектеп парламентінің мүшелері қазақ сыныбында оқитын Оралбаева Сандуғаш және орыс сыныбында оқитын Итбаева Айнұр еді. Оларды осы семинарға бастап, жетекші мұғалім ретінде Алматы қаласына апарған Байкенова Қымбат Егінбайқызы былай дейді:
- Бұл семинарға Қазақстанның түпкір-түпкірінен жаңашыл мектептерден озат оқушылар қатысты.
«Сорос-Қазақстан» ұйымдастырған семинар үш күнге созылды. Қатысушылар Алматы қаласының Алатау санаториында орналасты, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар семинарға қатысушы оқушылар өз мектептеріндегі жаңалықты жұмыстарын, педагогикалық шығармашылық ізденістерін ортаға салып, тәжірибиелерімен ой алмасты. Біздің мектебіміздің оқушылары Сандуғаш пен Айнұр «Асыл мұра» бағытымен жүргізіліп, атқарылып, жатқан жұмыстарын өзіндік ерекшеліктермен екі тілде де толығымен жеткізе білді.
Мектеп мақтанышы – талантты түлек
Мектебім, тарихым – балалық шағымның белгісі, - дейді осы мектептің 1987 жылғы түлегі Мажитова. Жанна мектепті «Алтын медальмен» аяқтады. Талантты да зерделі жас Қарағанды қаласындағы университеттің тарих факультетінің үздік дипломымен тәмамдады. «Роль качества в Казахстане» тақырыбын таңдап алып ғылым жолына түскен Жанна Сәбитбекқызы 1998 жылы кандидаттық жұмысын ойдағыдай қорғап, білімділігін шыңдай түсті. Біраз жылдар бойы Қарағанды университетінде тарих кафедрасында қызмет жасады. Бүгінгі күні Жанна Мажитова Аграрлық университетте аға оқытушы.
Осы мектептің 1999 жылғы түлегі Бекішев Бауыржан қаламыздағы экономика және құқық коледжіне оқуға түсіп осы коледжді ерекше дипломмен тәмамдады. Бүгінде салық комитетінің аудит бөлімінің бас маманы болып қызмет етеді. Ол өз сөзінде мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқанының өмірдегі өз орнын табуға көп көмегі болғандығын айтады. Осы түлектердің қол жеткізген еңбектеріне қарап отырып Ұлы Абайдың атымен аталғандықтан ба, әлде, Абай атамыздың рухы желеп жебеп жүреді ме? Әйтеуір қалай десек те, тек талантты, жаратылысы ерекше оқушылар тобырын осы мектептен табасыз оған дәлел, 2004 жылы Республикалық XXI ғасыр көшбасшысы интелектуалды сайысының жеңімпазы тағы да осы мектеп оқушысы. Ол Нұрманов Айдос.
Ұлы Абайдың есімін ұрпақтары тағы да бір көтеріп тастады. Айдос М.Әуезовтың Абай жолы романын 2-ші сыныпта-ақ оқып тастаған. Кішкентайынан зерек, алғыр Айдосқа Ұлы Абайдың жолын берсін! – деген тілекті еріксіз айтқың келеді.
Сабитбек Болыс Мажитұлы, 25 жаста, А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің түлегі. Қазақ Ұлттық Үниверситетінің механика-математика факультетін 2012 жылы бітірген. Университетте оқып жүріп Математика және Математикалық Модельдеу Институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарған. 2012 жылдан бастап Болашақ бағдарламасымен Бостон Университетінде ағылшын тілін меңгеріп, кейін өз саласы бойынша әлемнің ең үздік университеттерінің бірі Атлантадағы Джорджия Технологиялық Институтында «Аэрокосмостық Инжиниринг» мамандығы бойынша магистр дәрежесінің иегері атанды. Оқу барысында профессор Брайн Гантермен «Trajectory Design Missions for Martian moons, Phobos and deimos» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ғылым саласына және Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатындығына сенімдіміз.
Садыкова Әлия – 9-сыныптан кейін Торғай агротехникалық колледжінің шаштараз мамандығына оқуға түсіп, 2003 жылы бітіреді. 2015 жылы «Намыс - дода» ойынына Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде қатысып, І орынға ие болды. Жастайынан сортты жанына серік еткен Әлияның волейбол секциясындағы алғашқы тренері – Хасенов Ғабит болған. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түсіп, волейбол ойынының қыр-сырын меңгереді.
Тынымсыз дайындықтың арқасында Астана қаласындағы волейбол командасының құрамасына шақырту алады. Аталмыш құрамада 6 жыл бойы өнер көрсетеді. Спорттағы жеткен жетістіктері үшін Әлия Алматы қаласының «Жетісу» командасына шақыртылған, бүгінгі күні осы команданың белді ойыншысы. Бұл команда талай бәсекеде топ жарып, 2015 жылы Қазақстан Республикасының чемпионы атағына ие болса, биылғы жылы күміс жүлдегер атанған.
2009 жылы Әлия Садықова Астана қаласының үздік спортшысы атағына ие болады. Үздік спортшы қызымызды халықаралық Намыс дода ойынына Қазақстан құрамасында өнер көрсетуге шақырады. ҚХР-ның Хань-Янь аралында Қытай, Франция, Алжир, Венгрия мемлекеттерінен қатысқан спортшылардың арасында да Әлия үздіктігімен көзге түседі. Бір жағынан халыққа спортты насихаттайтын, екінші жағынан шоу сыйлаған «Намыс дода» ойынынан алған әсерімен Әлия былай бөліседі:
«Спортқа келген әр адамның мақсаты жетістікке жетіп, жеңістерді бағындыру. Мен де осы мақсатты басшылыққа алдым. Ерінбей еңбек етудің арқасында алға қойған армандарыма қол жеткізіп келемін. Сол жетістіктерімнің бірі Намыс дода ойынында Қазақстан құрамасында өнер көрсетуім. Әр спорт саласынан таңдалған спортшылар ішінде таңдаудың маған түскеніне қатты қуандым. Ойын өте қызықты өтті. Сайыстың түрлі кезеңдерінде тек жеңіс әкелуге тырыстым. Ол үшін бізбен бірге барған өнер жұлдыздары жігер беріп отырды. Жалпы сайыста жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Себебі ұйымдастырушылар келесі жылы да құрамаға алынасың деген болатын. Алайда менің бүгінгі мақсатым волейболдан әлем чемптонатына шығатын команда құрамында болу. Сондықтан ойынмен қатар, өз кәсібім, мамандығым волейбол ойынында өнер көрсететінім анық».
Спортшы Әлияның асқақ арманы осындай, оған жетер мақсаттары да айқын. Мектебімізден шығып бүгінде әлемдік додаларда топ жарып жүрген түлегіміз Арқалықтың мақтанышы деп білемін. Әлия қызымызға әркез сәттілік серік болып, жеңіс туын желбірете берсін.
Үздіксіз білім, білікті тәрбиенің арқасында Абай мектебін жоғарыдан көрсетіп мәртебесін көтеріп “Алтын белгіге” ие болған оқушыларымыз:
2005-2006 оқу жылы - Сейткамалова Әсел Мұздыбайқызы
2009-2010 оқу жылы - Аубакирова Фариза Едірісқызы
2009-2010 оқу жылы - Бекназарова Құралай Иманбайқызы
2010-2011 оқу жылы - Қыдыралина Айжан Сериковна
30 жыл Абай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін профильді мектебінің басшылық қызметін абыройлы атқарған ұстаздардың ұстазы Орал Дәулетқызы құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін 2009 жылы мектеп басшылығына оқу ісінің үздігі Байгенжин Сағидолла Какенұлы келді. Сағидолла Какенұлы басшылықта жүрген уақытта мектепте үш оқушы «Алтын белгіге» ие болды. Олар:
-
2009-2010 оқу жылы - Аубакирова Фариза Едірісқызы
-
2009-2010 оқу жылы - Бекназарова Құралай Иманбайқызы
-
2010-2011 оқу жылы - Қыдыралина Айжан Сериковна
Мектеп оқушыларының жетістіктері
2009-2010 оқу жылы бойынша:
-
«Ақ көгершін» фестивалі – І орын, жетекшісі - Жүсіпов Е.Ж.
-
Халықаралық «Ботақан» конкурсының ІІІ орын иегері – Айсин Ұлан, жетекшісі Жақыпбекова Қ.
-
Әбдірәсіл Манат Облыстық әнбайқауының ІІ орын иегері, жетекшісі Жақыпбекова Қ.
-
«Қазақ қызы» Тәжіғұлова Гүлсая (қуыршақ), «Ана бақыты» (топтық жұмыс) гобилень ІІ орын, жетекшісі Бекқожина Ш.Т.
-
Облыстық дзюдодан жарыс І орын, алтын медаль иегері Мұхтаров Жасұлан,
-
Ұлттық қазақ күресінен 1993-94 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қостанай облыстық чемпионаты:
-
Шуақбай Шалқар – ІІІ орын;
-
Дәуіт Рысбек – І орын;
-
Мағау Бауыржан – ІІІ орын;
-
Нағашыбай Ізтай – І орын;
-
Таев Әлішер – І орын.
- Облыстық тілдер фестивалі «Сахна саңлақтары» ІІ орын, жетекшілері Шамшина Г.Б., Ибикенова Л.Қ.
2010-2011 оқу жылы бойынша:
-
Соғыс ардагері Мұхамедия Тұяқовты еске алуға арналған дзюдо күресінен Республикалық турнирдің ІІІ орын жеңімпазы – Таев Әлішер;
-
Нұрсұлу Тапалова атындағы халықтық би ұжымы мен жеке орындаушылардың «Назерке» республикалық байқауы – І дәрежелі диплом, жетекшісі Жүсіпов Е.Ж.
-
«Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасында ІІ Халықаралық ән-би байқауы – ІІ орын, жетекшісі Жүсіпов Е.Ж.
2011-2012 оқу жылы бойынша:
-
Республикалық «Күншуақ» фестивалі – І орын, жетекшісі Жүсіпов Е.Ж.
-
Қ.Р Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және Таран ауданының спорт шебері Тулепов М.А. жүлдесі үшін дзюдо күресінен 1997-1999, 2000-2002 жылғы туылған жасөспірімдер арасында 38 кг. салмақ дәрежесінде І орын иегері Келден Батухан, 46 кг. салмақ дәрежісінде Аманбаев Наурызбай ІІ орын иегері.
-
ҚР самбо және қазақ күресінен спорт шебері Сыздықов Рамазан Мырзағалиұлын еске алуға арналған дзюдо күресінен1996-1997 ж.т. жасөспірімдер мен қыз балалар арасындағы ІІІ ашық республикалық турнирдің І орын иегері Келден Батухан.
-
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «Асыл мұра» атты ІІІ Республикалық ән-би байқауы – І орын, жетекшісі Жақыпбекова Қ.
-
Облыстық «Алтын микрофон - 2012» байқауының І орын иегері Хамзин Ералы – І орын.
-
Қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен облыстық «Алтын белбеу» жарысында 1995-1996 ж.т. жасөспірімдер арасында 46 кг салмақ дәрежесі бойынша Аманбаев Наурызбай ІІ орын.
-
«Мен және төтенше жағдайлар» облыстық шығармалар сайысы «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында Минкина Қарлығаш ІІІ орын.
2012 жылы С.К.Байгенжин қызмет ауыстыруына байланысты орнына Қабыл Жүнісұлы келді. Осы уақытқа дейін Қ.Жүнісұлы мектебімізге басшылық етіп келеді.
Мектеп оқушыларының жетістіктері:
- жылы бойынша:
-
Бокстан облыстық біріншілік Қайырбек Нұрхан ІІ орын, Асқар Жәнібек ІІ орын;
-
Облыстық дзюдо күресінен Келден Батухан ІІІ орын;
-
Дзюдодан ІҮ республикалық турнирде Келден Батухан ІІІ орын;
-
Ашық облыстық турнирден Келден Батухан І орын;
-
Бокстан Қостанай облыстық біріншілігі Ибраев Наурызбай І орын;
-
Қостанай облыстық дзюдо күресі Тоқтарова Қымбат І орын;
-
Ұлттық қазақ күресінен 1998-2000 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Лисоковск қалалық ашық біріншілік Ғани Елжан ІІ орын;
-
Облыстық тоғызқұмалақ ойынынан І орын иегері Каненова К.
-
жылы бойынша:
-
-
Облыстық «Рахмет, ана!» шығармалар сайысы І орын, жетекшісі Бекенова С.Қ.;
-
Облыстық оқушылар арасындағы ақындар айтысынан ІІІ орын иегері Сардаров Тұрсынбай, жетекшісі Н.Нағи;
-
Облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы байқаудың І орын иегері Сексенбай Жансая, жетекшісі Байгенжина З.Б.
-
жылы бойынша:
-
-
«Қазақстан жаңа әлемде» Республикалық сурет конкурсының І дәрежелі диплом иегері Уәлиева Толғанай, жетекшісі Бекқожина Ш.Т.;
-
«Ғұмырдария» ҮІІ Республикалық байқаудың ІІ орын иегері Қоңқыш Наргиз, жетекшісі Садуова Ж.Т., І орын иегері Болат Ұлболсын, жетекшісі Бекенова С.Қ.;
-
Облыстық «Абай» оқулары байқауының І орын иегері Сыздықбаева Мерей, жетекшісі Ибикенова Л.Қ.;
-
Облыстық КВН «Көктем кубогы» Қостанай – 2015 І орын, жетекшісі Капакова А.Ш.;
-
«Әлемді тербеткен ана» республикалық үздік тәрбие сағатының желісі байқауы ІІ орын, Каненова Базаркүл;
-
жылы бойынша:
-
-
Балалар драмалық және қуыршақ көркемөнері ұжымдары арасындағы «Армандастар» балалар шығармашылық облыстық фестивалінің І орын иегері – Кәкімбек Кәкімжан;
-
«Конституция – елдің негізгі заңы» тақырыбындағы облыстық дебат ойындарының І орын иегері – Сардаров Тұрсынбай;
-
Республикалық ХІІ «Ақ көгершін» балалар фестивалінің ІІІ орын иегері – Жусупова Дамира;
-
Республикалық «Лучшие выходные зимы – некогда болеть!» фотоконкурсынан «Болашақ» мектеп комитетінің оқушылары – І орын;
-
Облыстық ауыр атлетикадан І орын иегері – Оңдасын Нұртілеу, ІІІ орын иегері – Әміржанов Асылан;
-
Облыстық хоккей жарысынан ІІІ орын;
-
«Асыл мұра» халықаралық дәстүрлі ән және аспапта орындаушылардың ҮІІІ Республикалық ән-би балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқаудың «Көркемсөз» номинациясы бойынша ІІ орын иегерлері – Кәкімбек Кәкімжан, Сыздықбаева Мерей;
-
Облыстық бокс турнирінен Мұхамедуәли Жандос – І орын, Иманберлі Азат – ІІ орын, Қазақша күрестен Қайрат Әкімбек ІІ орын, Райханұлы Ерсін І орын, Қазымбек Аружан ІІ орын;
-
1999-2000 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде І орын иегері.
Биылғы 2015-2016 оқу жылында мектебімізде 31 сынып-комплект, 4 даярлық сыныбында бар, барлығы 821 оқушы білім алуда. 2015-2016 оқу жылының басында барлығы 80 педагог болса, соның жағары санаттысы – 16, І санатты – 21, ІІ санатты – 18, санаты жоғы – 25.
Шағын орталық
Қазіргі заман талабына сай “Балапан”бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2005 жылы шағын орталық ашылды. Бала санымен ашылып, қазір 90 баламен толығып жұмыс жасауда. Әлі де кеңейту жоспарда бар.
Мектептің күрделі жөндеуден өтуі.
Қазіргі уақытта күрделі жөндеуден өткен мектептің жағдайы көз куантарлық дәрежеге жетті.
2011-2012 жылдары мектеп шатыры жөнделді.
2012-2013 жылдары мектеп күрделі жөндеуден өтті.
Химия, биология кабинеттері жабдықталып, онда білікті ұстаздар жұмыс жасап, мектебімізде білім сапасы көтерілуде.
Мектебіміздің 1,2,3 қабаттарында және мектеп аумағын тәулік бойы қадағалап отыратын бейне бақылау орнатылған. Мектептің 1-қабатының кіре беріс дәлізінде кезекші вахтер және мектеп әкімшілігі мен ұстаздардан кесте бойынша кезекшілік ұйымдастырылған.