2025-2026 оқу жылы бойынша "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы
2025 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды. Биылғы жылы акция ерекше көңіл бөлініп, «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілді. «Жақсылық жақсылыққа әкеледі» дегендей, бұл шара аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Қайырымдылықтың басты ерекшелігі – көмек түрін, орнын және мазмұнын ерікті түрде таңдау мүмкіндігі.
2025-2026 оқу жылында Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында осы акция аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қаламыздың жомарт жүректі тұрғындары белсене қатысты және аз қамтылған отбасылардың балаларына үлкен қолдау көрсетті. Бұл бастама балаларды киім-кешек, оқу құралдары және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіп, олардың мектепке дайындығын арттыруға көмектеседі. Шара аз қамтылған және көп балалы отбасыларға үлкен көмек көрсетіп, қоғамдағы бірлік пен қамқорлықты нығайтуға ықпал етеді.
Жалпыға міндетті оқу қорының қаржылай көмегі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан көмекке мұқтаж балаларға және өзге де санаттағы оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету қарастырылған. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы №544 Қаулысына сәйкес, осы көмекті қалыптастыру, жұмсау және есепке алу қағидалары бекітілген.
Осы қаулыларға сәйкес, «Жалпыға міндетті оқу қоры» арқылы 6 148 324 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Көмекке мұқтаж ата-аналардан барлығы 133 өтініш түсті. Өтініштер хронологиялық тәртіппен тіркеу журналына енгізіліп көмек көрсетілді.
Көмек көрсетілген санаттар бойынша:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға – 29 оқушы;
- Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға –2 оқушы;
- Басқа санаттағы көмекке мұқтаж балаларға – 102 оқушы.
Мектеп ұжымының демеушілігі:
- Мектебімізде аз қамтылған отбасынан шыққан үш оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Жалпы сомасы 112 000 теңге көлемінде көмек шеңберінде оқушыларға қажетті киім-кешек пен мектеп формасы алынды. Атап айтқанда:
мектеп формасы, спорттық киім (спортивка), кроссовка, қысқы куртка, қысқы аяқ киім, бас киім (шапка), жейде (рубашка), блузка, күрте, костюм мен шалбар сияқты қажетті киім түрлері қамтылды
«Мектепке жол» акциясы аясында тек материалдық көмек қана емес, қоғамның жан жылуын жеткізу де көзделген. Балаларға қолдау көрсету – әр азаматтың борышы, ал жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу – ата-аналардың, ұстаздардың және жалпы қоғамның міндеті. Бұл акция аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмектесіп қана қоймай, олардың балаларына сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Қайырымдылық жасау – әр азаматтың парызы, ал жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу – баршаға ортақ міндет.


АҚПАРАТ
Әлеуметтік осал отбасыларына (толық емес, қолайсыз отбасы, өгей әкемен тұратын, өгей шешесі тәрбиелеп отырған отбасылар, үшін тұлғалардың қамқоршылығында, қорғаншылық патронат) рейдтік
іс –шаралардың орындалу барысы.
Әлеуметтік осал санатына жататын оқушылардың тұрғын жай актісін жүргізу. Ата – анасымен, отбасы әлеуметтік жағдайын анықтау. Оқушының көңіл-күйін, отбасындағы хал-ахуалын анықтау зерттеу мақсатында. Әр тоқсан сайын Әлеуметтік педагог, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтардың перспективалық жоспары бойынша рейдтік іс –шаралары жүргізілді. Толық емес, қолайсыз отбасы, тәрбиелеп отырған отбасылар, үшін тұлғалардың қамқоршылығында, қорғаншылық патронат әлеуметтік санаттарына жататын 34- отбасына тұрғын үй акт жасалды. Оның ішінде 13- оқушы инклюзия мүмкіндігі шектеулі оқушы, 15- оқушы толық емес отбасында, 29- оқушы көп балалы, 1- оқушы қолайсыз отбасында, 2- жетім оқушы қорғаншылармен тәрбиеленіп жатқан оқушылардың отбасыларын тұрғын үй акт жасалды.
Тұрғылықты жерін тексеру нәтижесі акт болып табылады. Тұрғын үй акт жасау барысында оқушы орналасқан тұрғын үйдің нақты жағдайы, осы шеңберде бірлесіп тұратын азаматтар санының нормаларын сақталуы, отбасының қаржылық тұрмыстық жағдайы, санитарлық-гигиеналық нормаларды орындау және оқушының денсаулығын қаупінің болмауы, оқушының оқуы, ойындары мен демалысы үшін орынның болуы мен жай-күйі қаралды. Осы статустағы оқушылармен жұмыстар жыл бойына жүргізіледі. Мектептің әлеуметтік педагогтыры үйлеріне барып бақылау, анықтау жұмыстары мен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Рейдттік іс-шараның жүргізілу барысында тұрмысы төмен 39 оқушы анықталып «Мектепке жол» акциямен «Жалпыға міндетті оқу қорынан» әр оқушыға (40567 тг) көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына барысында мектеп-гимназия мұғалімдер ұжымы атынан 83 000 теңге, «Мега» сауда орталығы 40000 тг, «Жүрек жылу» қайырымдылық қоры 50000 тг, Қала әкімі 50000 тг. Демеушілерден барлығы 299 800 тг. көлемінде 14 оқушыға көмек көрсетілді. «Жақсылық жасайық» қайырымдылық акциясынан көп балалы аз қамтылған үш отбасында тәрбиеленіп жатқан 8 оқушығы азық- түліктей көмек көрсетілді. Мектеп ата –аналарынан көп балалы отбасына (79000 тг) көлемінде мектебіміздің көп балалы азқамтылған отбасына қаржылай көмек берілді.
2024-2025 оқу жылында әлеуметтік педагогтардың «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бойынша атқарған жұмыстары






