13 қараша 2025 жылы Арқалық қаласындағы педагогикалық университеттің 3-курс ағылшын тілі мамандығының студенттері А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияға келіп, мектептегі «DARA» инклюзивті білім беру ресурстық орталығының жұмысымен танысты.
Кездесу барысында студенттер инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру жолдары, сондай-ақ қолданылатын әдіс-тәсілдер мен дидактикалық материалдарды көріп, тәжірибе жүзінде танысты.
Сала мамандарына өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар орталықтың психологы, логопеді және ассистенттері студенттерге оқытуда қолданылатын түрлі жаттығулар мен әдістемелерді таныстырып, тренинг өткізді.
Бұл кездесу студенттер үшін тәжірибе алмасуға, инклюзивті білім берудің мазмұны мен маңызын терең түсінуге зор мүмкіндік берді.





«Инклюзивті білім – қоғам қажеттілігі»






