oC

"Оқытудағы цифрлық инновациялар" тақырыбындағы жас мамандар отырысы

 

Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар информатика пәнінің шеңберінен әлдеқайда шығып кетті. Енді әрбір педагогтің ІТ – құзыреттілігі оның біліктілігінің ажырамас бөлігіне айналуы шарт. Бұл – жаһандық үдеріс, заманауи талап. Осы орайда 02.10.2024 жылы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Оқытудағы цифрлық инновациялар" тақырыбында жас мамандармен шебер-сынып өткізілді. Отырыста мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі, магистр Жабағы Е.Ғ. цифрлық технологияларды өз сабақтарында қалай және қандай түрлерін пайдаланатынын таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісіп, практикалық жұмыстар жүргізді.

 

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауы

 

03.10.2024 жылы Атырау қаласында Республикалық "Махамбет оқулары" байқауы өтті. Байқауға күй бағытында 16 облыс қатысты. Біздің мектеп-гимназиямыздан 8 "Б" сынып оқушысы Сабыржан Абай қатысып сертификатқа ие болды. Жетекшісі Қабдуалиев А.М.

 

Облыстық "Махамбет оқулары" 

13.09.2024 ж Қостанай қаласында облыстық "Махамбет оқулары" байқауы өтті. Байқауға қалалық кезеңнен "Шашақты найза шалқар күй" бағыты бойынша Махамбет күйлерін орындаудан жүлделі бірінші орын алып, жолдама алған мектеп-гимназиямыздың 8 "Б" сынып оқушысы Сабыржан Абай қатысты. Облыстық байқау қорытындысы бойынша Сабыржан Абай жүлделі І орынға ие болып, республикаға жолдама алды. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі Қабдуалиев А.М. Жеңістеріңіз құтты болсын!