oC

Ағылшын тілі пән бірлестігінің әдістемелік күні

 

2024 жылдың қазан айының 15-16 күндері мектеп гимназиямызда ағылшын тілі пән бірлестігінің әдістемелік күні өтті. Мақсаты: Оқыту үрдісінде заманауи әдістерді сабақ барысында тиімді пайдалану, іс-тәжірибемен бөлісу. Әдістемелік күн барысында пән мұғалімдері жоспар бойынша өз ашық сабақтарын беріп, тәжірибе алмасты. Тоқталып кететін болсақГилжанова Зауреш Колшкарбаевна 10 «Б» сыныбында «Hurricane Katrina: the tragedy of new Orleans» тақырыбында, Алкебаева Камшат Койшугуловна 5 Г сыныбымен «Flags of the world»тақырыбында, «Amazing stadiums» атты тақырыпта 9 А сыныбында Капакова Асем , Шагиповна, «Online shopping» тақырыбында 8 Б сыныбымен Нугуманова Гайниса Кайрбековна , «Dolphins» атты тақырыпта 11 А сыныбында Мухамедьярова Лаззат Куанышбековна, 6 Б сыныбында «Writing a biography» тақырыбында Жаңабай Индира өткізді. Ұстаздарымыз сабақ барысында қазіргі талапқа сай "Learning apps" , "Padlet", "Gynzy" платформасын , "Magical school", "Twee", "Heygen" жасанды интеллектісін қолданды. Сабақтарда видео материалдар, қосымша ақпараттар, көрнекіліктер кеңінен пайдаланылды. Әдістемелік күнге жас мамандар, әр пәннің ұстаздары қатысып, өздеріне керекті жерлерін түртіп алды.