oC

Жас мамандармен оқыту сабағы

 

18.10.2024 күні жас мамандармен жұмыс жүргізуге жауапты директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Копанова Нурсулу Лесбековна кезекті жас мамандармен оқыту сабағын өткізді. Отырыс мақсаты: Жас мамандарға бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауға талдау жұмыстарын жүргізуді үйрету. Жас мамандарға аталған мәселе бойынша таныстыру жұмысын мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, педагог-зерттеуші Бекнова Салтанат Каликановна жүргізді. Салтанат Каликановна БЖБ және ТЖБ жұмыстарына талдау жүргізуде мақсатты қалау қою керек, білім сапасын қалай шығару керектігін, қиындық тудырған тақырыптарды қалай анықтауға болатыны жөнінде жас мамандарымызға түсіндірді.