Дарынды балаға-талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
Ағымдағы жылдың 23 қазанында қалалық білім бөлімінде "Дарынды балаға-талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты-жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау, жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көз қарасын қалыптастыру. Байқауға қалалық білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептерінің жас ұстаздары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың математика пән мұғалімі, жас ұстаз Ажибаева Аружан 3 орынды иеленді. Жеңісіңіз құтты болсын!