oC

Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңі

01.11.2024 жылы Кейкі батыр атындағы №4 мектеп базасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық білім бөліміне қарасты қала және ауыл мектептерінің ұстаздары арасында инновациялық педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңі өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты-педагогтардың шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру,Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Байқауға біздің мектеп-гимназиямыздан 5 мұғалім қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Қапсалықова Саяжан Қасқырбайқызы ІІ орын, ағылшын тілі мұғалімі Гильжанова Зауреш Кошкарбаевна және жаратылыстану пәні мұғалімі Қонысбай Наргиз Қонысбайқызы ІІІ орынды иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!