oC

"Мен Тәуелсіз Қазақстанның педагогымын!" бейнероликтер конкурсының қалалық кезеңі

"Арқалық қаласының білім бөлімі" ММ-нің 2024 жылдың 09 қазанындағы №377 бұйрығына сәйкес "Мен Тәуелсіз Қазақстанның педагогымын!" бейнероликтер конкурсының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қалалық білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептерінің математика, физика және информатика пән мұғалімдері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша мектеп-гимназиямыздың математика пән мұғалімі Ажибаева Аружан Аяновна ІІ орын, информатика пән мұғалімі Жақсылықова Замира Бауыржанқызы ІІІ орынға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!