oC

Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі

23.10.2024 жылы мектеп-гимназиямызда республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының бірінші мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада 3-4,5-6,7-8,9-11 сыныптар аралығында өтті. Мектеп-гимназиямыз бойынша жалпы 230 оқушы олимпиадаға қатысты. Олимпиада 3-4 сыныптарда дүниетану, қазақ тілі, математика, жаратылыстану, ағылшын тілі пәндері бойынша, 5-6 сыныптарда жаратылыстану, Қазақстан тарихы, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, информатика, 7-11 сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, математика, география, ағылшын тілі, физика, химия, биология, информатика,Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі І,ІІ,ІІІ орын алған оқушылар мақтау қағазына ие болды. Ал І орын алған оқушыларымыз қалалық кезеңге жолдама алды.