oC

Ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы

 

Ағымдағы жылдың 3.02-07.02.25 аралығында мектеп-гимназиямызда ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы өтті. Мақсаты: Мұғалімдердің сабақ беру және оқушылармен жұмыс жасау барысын бақылау. Апталық кезекті салтанатты ашылудан басталды. Ашылу барысында оқушылар ағылшын тілінде өлеңдер оқып, ән айтып өз өнерлерін көрсетіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар және сыныптан тыс іш-шаралар өткізді. Сабақтарға пән мұғалімдері және директордың оқу және ғылыми ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып оң бағаларын берді. Өткізілген сабақтар және іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Пән мұғалімдері сабақтарға жан-жақты, үлкен ізденушілікпен жаңа технологияларды пайдалана отыра өткізді. Әр сабақта цифрлық технологиялар, жасанды интелекпен жұмыстар жүргізілді. Қолданылған технологиялардың барлығы оқушылардың жас ерекшелігіне сай өте тиімді пайдаланылды. Оқушылар сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға белсене ат салысты. Ұсзтаздарымызға тәжірибе алмасқаны үшін рахмет айтып, шығармашылық табыс, білімді шәкірттеріңіз арта берсін диміз.

 

image-16 image-17image-18image-19image-20image-21