23.10.2025 жылы қалалық білім бөлімінің хатына сәйкес мектеп-гимназиямызда республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының бірінші мектепішілік кезеңі өтті. Мектепішілік кезеңге жалпы 279 оқушы қатысты. 3-4 сыныптар бойынша 45 мұғалім, 5-6 сыныптар бойынша 74, 7-8 сыныптар бойынша 69, 9-11 сыныптар бойынша 89 оқушы қатысты. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, жаратылыстану, информатика пәндерінен өтті. Қорытынды бойынша бірінші орын алған 19 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!










