oC

28 желтоқсан 2025 жыл Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 10–11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен “Алтын түлек” олимпиадасы өтті.
  Олимпиаданың мақсаты:
 –оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

-терең математикалық білімін жетілдіру;

-дарынды жастарды анықтап, қолдау;

-облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға іріктеу жүргізу.

Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары үздік нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 10 “А” сыныбы — Сейпилова А. — III орын. Жетекшісі: Косбергенова А.К. 10 “Б” сыныбы — Әбузар Н. — III орын, Мираш А. — Грамота иегері  Жетекшісі: Кокишева А.М.11 “Б” сыныбы — Кадирбекова Д. — II орын, 11 “В” сыныбы — Айдаров Е. — I орын, облыстық кезеңге жолдама алды.  Пән мұғалімдері: Ажибаева А.А., Косбергенова А.К. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
 Оқушылардың табысты нәтижелері — олардың еңбегі мен ұстаздардың кәсіби қолдауының жемісі.Бәріңізге алдағы сайыстарда да сәттілік тілейміз! 🌟