oC

«Нейрожүйелер арқылы ағылшын тілін үйрену» тақырыбында ағылшын тілі пәні бірлестігінің апталығы

2026 жылдың 12-16 қаңтар аралығында мектебімізде «Нейрожүйелер арқылы ағылшын тілін үйрену» тақырыбында ағылшын тілі пәні бірлестігінің апталығы өтті. Апталық аясында мазмұнды іс-шаралар мен ашық сабақтар өткізілді. Апталық барысында ұстаздар заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталған сабақтар ұйымдастырды. Әрбір ашық сабақта инновациялық технологиялар, коммуникативтік тапсырмалар және қызықты оқу материалдары кеңінен пайдаланылды. Бұл апталық мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын күшейтуге зор мүмкіндік берді.Ұйымдастырылған ашық сабақтар өз деңгейінде өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Барлық белсенді қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз!