2023 жылдың 10 қазанында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық "Менің кіші Отаным" байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қала, ауыл мектептерінің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыс екі кезеңде өтті. І кезеңде Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест орындау, ІІ кезең 4 номинация бойынша жұмыстарды қорғау. Сайысқа біздің мектеп-гимназиямыздан екі оқушы қатысты. 9 "Б" сыныбынан Мұқышбек Еркеназ. Пән мұғалімі Батталова Ж.А. 9 "В" сыныбынан Ердаулетқызы Томирис. Пән мұғалімі Кадирова Н.Т. Сайыс қорытындысы бойынша екі оқушымыз да жүлделі ІІ орынға ие болып, облысқа жолдама алды.