Мектебіміздің информатика пәні мұғалімдері 2023 жылдың 5 қазанда "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы бойынша "Қостанай қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалының базасы NIS-те тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында пән мұғалімдеріміз семинарларға, ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Семинарлар "Case study" техналогиясын информатика сабақтарында қолдану, "Критериалды бағалау" тақырыптарында өтті. Семинарға біздің мектептен бөлек Рудный мектебінен де ұстаздар қатысты. Ашық сабақтарда оқушылар logic.ly сайтында жұмыс жасап, үй тапсырмасын educaplay ойын түрінде сұрап, презентацияға дыбыс қосып оқушылар бір бірін бағалады. Сабақтар өте жоғарғы деңгейде өтті.