Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен қаламыздағы «Қосымша білім беру» орталығында дәстүрлі жыл сайын өтетін «Мектеп лигасы - 2023» 9-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Биылығы оқу жылында 11 – қараша күні бұл жарысқа А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиямыздың намысын қоғап оқушыларымыз қатысып жүлделі 1- орынды иеленді.
Олар : 1 тақтада – Малдыбек Әділет
2 тақтада – Болатбек Ержан
3 тақтада – Турекулова Мадина
4 тақтада – Тургынбай Аяулым
Жетекшісі: Мағауов Ерболат Абайұлы
Оқушылармыз Арқалық қаласының атынан 26 - қараша Қостанай қаласында өтетеін облыстық жарыста өз бақтарын сынамақ. Оқушыларымызға тек сәттілік серік болсын!