Балаларға туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Білім алушылардың Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту.
Бүлдіршіндер жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, мемлекетін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 25-қазан Республика күніне орай мектепалды даярлық сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар ән ұран, Отан, туған жер туралы өлең тақпақтарын айтып тәрбие сағатына жақсы ат салысты.