Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
2023 жылдың 29 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті, Физика және Математика білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен "Физика", "Математика" пәндері бойынша «Жас ғалым-2023» аймақтық мектеп оқушыларының ғылыми жоба сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың физика және математикаға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік және жоба жасау қызметін дамыту, дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету болды.
Аталған іс-шараға "Физика" секциясы бойынша А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысып жүлделі оындарға ие болды.
11 «А» сынып оқушысы Мұхтар Мәдина Бейсенқызы І-орын
7 «А» сынып оқушысы Досова Дария Тимурқызы ІІ-орын
9 «А» сынып Рамазан Тоғжан Асланқызы Алғыс хатпен марапатталды
Оқушыларды ғылыми жоба сайысына сапалы дайындағаны үшін жетекші А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Жабағы Ерболат Ғабитұлы Институт ректорының Алғыс хатымен марапатталды.