24.11.2023 жылы мектеп-гимназиямыздың ағылшын тілі мұғалімдері Назарбаев зияткерлік мектебіне тағылымдамадан өтуге барды. Тағылымдама барысында 2 ашық сабақ және 2 семинар-практикумға қатысты. Ашық сабақтар "Sport, Health and Exercise 8С2", "Charities and Conflict 9D2" тақырыптарында өтсе, ал семинар-практикумдар "Применение интерактивных методов в преподавании и обучении", "Применение критериального оценивания на уроках английского языка" тақырыптарында өтті. Ұстаздарымыз ашық сабақтарға қатысып, семинар-практикумда кері байланыс жасап, тәжірибе алмасып, жақсы әсермен қайтты.