2023 жылдың 2-3 қарашасында Астана қаласында "Ауыл мектебінің өркендеуі-қоғам игілігінің кепілі" тақырыбында Назарбаев халықаралық мектебінде халықаралық конференция өтті.КонференцияғаРесаубликамыздың әр қала, ауылды жерлерінен тірек мектептері және Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары мен басшылары қатысты. Конференцияға Республикамыздың мектептерінің ұстаздарынан тыс шет елден келген професор қонақтарымыз қатысты. Шетелдік әріптестеріміз және жоғарғы жетістіктерге жеткен Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары, тірек мектептерінің ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр күн сайын кем дегенде 10 секциялық отырыстан болды. Конференция өте жоғарғы деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға көп-көп рахмет айтамыз.