oC

04.12-12.12.23 жыл аралығында мектеп-гимназиямызда "Жас маман" мектебі апталығы өтті. Жас мамандарымыз апталықта өз ашық сабақтарын беріп өтті. Апталықтың мақсаты: жас мамандарымыздың сабақ беру барысын, оқушылармен қарым-қатынасын бақылау, әдістемелік көмек беру. Апталықта Есламбек Н.Ж. 5Г сыныбымен "Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар", Кабимолда А 8Г сыныбымен "Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы", Ажибаева А.А 5А сыныбымен "Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар", Болатбай М.М 7Б сыныбымен "Домбыра-халықтың мұрасы", Дүйсенов Қ.А. 6Б сыныбымен "3D редакторының құралдары", Кабдуалиев А.М. 6Б сыныбымен "Әлемдік джаз музыкасы", Қонысбай Н.Қ. 6А сыныбымен "Табиғи және жасанды заттар", Кендирбекова Л.А. 5В сыныбымен "Бос уақытта саяхаттау", Қапсұлтан Т.Т. 1В сыныбымен "Басқатырғыштар мен ребустар", Қаби М.Ә. 2Д сыныбымен "Лепті сөйлем", Тұрғанбек И.Б. 2Д сыныбымен "Пернетақтамен танысу" тақырыптарында өткізді. Жас мамандарымыз өз сабақтарына тәлімгерлерімен бірлесе отыра үлкен шығармашылықпен, жан-жақты дайындалған. Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатыса отырып өз қоржындарына жинақтаған жаңа әдіс-тәсілдерді, платформаларды кеңінен қолдана алды, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын артыра білді. Жас мамандарымызға бастап жатқан жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!