2023 жылдың 1 желтоқсанында "Арқалық қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдер арасында облыстық "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін және шығармашылығын ынталандыру, дарынды педагогтердің пәндік құзыреттілігін қолдау. Байқауға 9 мұғалім қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Бейне сабақ, , мұғалім портфолиосы, эссе жазу кезеңдерінен өткен байқауда біздің мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Қапсалықова Саяжан Қасқырбайқызы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңісіңіз құтты болсын!