Ағымдағы жылдың 28 қарашасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен математика пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты математика пәні бойынша Арқалық қаласының олимпиада резервісінің дайындық жүйесін жетілдіру. Олимпиадаға қала және ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары қатысты. Біздің мектеп-гимназиямыздан 4 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 7Б сынып оқушысы Муханбетжан Нұрхан І орынға ие болса, қалған оқушыларымыз сертификатқа ие болды. Жетекшісі Копанова Нұрсұлу Лесбековна. Жеңістеріңіз құтты болсын!