2023 жылдың 11.10-17.10 аралығында "Елдің болашағы-білімді, өнерлі, дені сау ұрпақ қолында" тақырыбында "Дене шынықтыру және технология, музыка" пән бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың алғашқы күні ашылу салтанатынан басталды. Ашылу салтанатында оқушылар спорт, өнер жағынан өз өнерлерін көрсетті. Апталық барысында ұстаздар өз ашық сабақтарын және сыныптан тыс сағаттарын өткізді. Ұстаздар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында үлгілі де, тәрбиеге толы, сабақтар өткізді. Ұстаздар сабақтарға жан-жақты, үлкен шығармашылықпен, жаңа әдіс -тәсілдерді пайдалана отыра өткізді. Апталық соңында апталық барысында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.