Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
2023 жылдың 19-20 желтоқсанында Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қала және ауыл мектептерінің оқушылары қатысты. Олимпиада 12 пән бойынша өткізілді. Олимпиадаға біздің мектебімізден 10 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша ағылшын тілінен 9"А" сынып оқушысы Егінбаева Е І орын. Жетекшісі Капакова А.Ш. Қазақ тілінен 10 "А" сынып оқушысы Тойлыбай Г І орын. Жетекшісі Канапина Г.О. 11 "А" сынып оқушысы Молдахмет Н ІІ орын. Жетекшісі Бекенова С.Қ. Орыс тілінен 10 "А" сынып оқушысы Тургинбаева А ІІІ орын. Жетекшісі Есмуратова А.К. Қазақстан тарихынан 9 "Г" сынып оқушысы Қуаныш М ІІІ орын. Жетекшісі Турсынбеков А.Ж. Физикадан 9"А" сынып оқушысы Рамазан Т ІІІ орын. Жетекшісі Жабағы Е.Ғ. Биологиядан 11 "А" сынып оқушысы Сейтбаттал М ІІІ орын. Жетекшісі Ешмгалиев С.К. Бірінші орын алған екі оқушымыз Тойлыбай Г, Егінбаева Е облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!