"4К мұғалімі" атты облыстық байқауының үшінші кезеңі
2023 жылдың 28 желтоқсанында Қостанай қаласында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" КММ жұмыс жоспарына сәйкес математика, физика пән мұғалімдерінің арасында "4К мұғалімі" атты облыстық байқауының үшінші кезеңі өтті. Сайысқа қаламыздың атынан біздің мектеп-гимназиямыздың физика пәні мұғалімі Жабағы Е.Ғ. және математика пәні мұғалімі Баяхметова Қ.Б. қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша 11 қатысушының арасынан Ерболат Ғабитұлы ІІ орынға ие болса, Каламкас Бериковна сертификатқа ие болды.