01.02-02.02.2024 жылы Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №2 мектеп базасында 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңге жалпы 136 оқушы қатысты. Біздің мектеп-гимназиямыздан 12 оқушы қатысып, 9 оқушы жүлделі орынға ие болды. 6 сыныптар бойынша Қазақстан тарихы пәнінен Мұхаметқалижан Шалқар ІІІ орын, Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен Мухамедуәли Кәусар І орын, жаратылыстану пәні бойынша Қойбағар Нұрислам І орын, ағылшын тілі пәнінен Әміржан Аяжан І орын, орыс тілі пәнінен Қуаныш Ұлжан ІІІ орын. 5 сыныптар бойынша жаратылыстану пәні бойынша Жаңбыр Нұргүл 3 орын, Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен Сәндібек Дания 3 орын, Қазақстан тарихы пәнінен Қайрат Жайдары 3 орын, орыс тілі пәнінен Тұрғын Ислам 2 орын. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиетінен Кендирбекова Л, Бекенова С.Қ., орыс тілі пәнінен Онжанова Л.М. Есмуратова А.К., ағылшын тілі пәнінен Мухамедьярова Л.Қ. Қазақстан тарихы пәнінен Қабимолда А. Аманкелді А.А. жаратылыстану пәнінен Қонысбай Н. Қ.