oC

Жаңа ереже бойынша аттестаттаудың өзгерістерге байланысты мұғалімдердің қоғамдағы орны айшықтала түсті. Дегенмен, мұғалімдерге қойылатын талап та күшейді. Мұғалімнің біліктілігін арттыру, білім сапасын онтайландыруға ықпал етеді. Сол себепті бұл талап орынды деп санаймын. Жаңа ереже бойынша аттестаттаудың мақсаты – педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету. Мұндағы басты ерекшелігі - аттестаттау процесін автоматтандыру, яғни бірыңғай ақпараттық жүйені құру. Педагогтің жеке құжаттары мен оның біліктілік деңгейін анықтайтын қысқа мерзімде қорытындылайтын ақпараттық жүйеде тиісті материалдар автоматты түрде жинақталады. Бұл аттестаттау мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуына әсері мол. Сонымен қатар уақыт тиімділігі мен өзін -өзі дамытуға, ынталандыруға ықпал етеді. Ал осы талапты жүзеге асыратын аттестаттау жүйесінің тиімді жақтары талқылануда. Бұл жаңа ереже педагогтердің үздіксіз дамуына негізделген бұйрық болатыны кәміл сенеміз.

Бұл платформа әділдік пен адалдықты сақтауға мүмкіндік беретініне сенімім мол. Ережеде аттестаттаудың әрбір бағыты өз деңгейіне сәйкестендірілген, барлық талаптар ескерілген. Аттестаттаудың жаңа ережесі көңілге қонымды. Жаңа ережемен таныса отырып, әр педагог өзінің кәсіби маман екенін дәлелдейді. Қазіргі таңда Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы аттестациялау қағидалары енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жаңа ережемен таныса отырып, әр педагог өзінің кәсіби маман екенін дәлелдейді.

Жиынға осы оқу жылында аттестатаудан өтетін ұстаздар қатысып, көкейде жүрген сауалдарына мектеп әкімшілігі тарапынан жауаптарын алды.