oC

А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиямызда 29 – наурыз күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері және кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» атты спорттық іс – шара ұйымдастырылды.

Мұғалімнен өнеге білім алып,өмір теңізіне құлаш ұрған кезм келген шәкірт ұстазымен мақтанары сөзсіз. Бұл күні бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім – тәрбиенің асыл қазынасын құя білген, ұстаз деген атқа лайық мұғалімдеріміз сайысқа түсті. Іс – шараға барлық ұстаздармен, мектеп қызметкерлері және әр бірлестік жеке команда құрып қатынасты. Ұлттық ойындарды насихаттау барысында әйелдер арасында «бес тас» асық ойыны өткізілді. Ерлер арасында күш танытатын «таяқ тартыс» ойыны. Мергендік танытып ұстаздарымыз нысананы көздеп дартс атыпта бақ сынасты. Бірлестіктер арасында волейбол жарысы өткізілді. Жарыс қорытындысында жеңімпаз деп танылған барлық ұстаздар мектеп басшысының мадақтама қағазымен  және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

risunok3  risunok4