Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлы: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеген еді. Осы қасиеттерді жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отыра біздің А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиямыздың ұстаздары оқушының бойына сіңіруде. Оның дәлелі 01.03.24 жылы өткен "Оқыту мен оқудағы пәндік құзыреттілікті дамытуда заманауи платформалардың тиімділігі" тақырыбында облыстық деңгейде семинар өтті. Семинарға қаланың білім бөліміне қарасты қала, ауыл мектептерінің, Қостанай облысының Абай атындағы мектептерінің, Амангелді аудандық білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы мектебінің ұстаздары ұстаздарымыздың өткізген ашық сабақтарына, шебер-сағаттарына, тәрбие сағаттарына қатысып, ұстаздарымыздың қолданған озық әдістерінің оқушының білімін жетілдіріп, рухани адамгершілігі мол жан-жақты тұлға ретінде дамыту жолындағы тиімділігн айтып, өз пікірлерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар "Адамзаттың Абайы" тақырыбында үш секция бағыты бойынша ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, семинарға қатысушы ұстаздардың қазақтың ұлттық ақынының мұрасын орта мектептерде оқытудың тиімділігі жөнінде ой бөлісті.