29.02.2024 ж "Ш.Уалиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де қалалық "Ясауитану" байқауы өтті. Оқушылар Ясауидің 40 хикметін жаттау, өмірі мен шығармашылығы бойынша бақ сынасты. Байқауға қала және ауыл мектептері қатысты. Қорытынды бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың 11 "А" сынып оқушысы Бертағы Бекжан бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Бекенова С.К.