oC

А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Оқыту мен оқудағы оқу мақсаттары мен құзыреттілігін дамытуда заманауи платформалардың тиімділігі» тақырыбында бастауыш сынып ұстаздарына арналған аймақтық семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөліміне қарасты қала және ауыл мектептерінің, Амангелді аудандық білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинарда Садуова Ж.Т.,Бажыканова С.А., Ибраева С.Д., Дуйсенкулова М.У., Жаканова А.У., Есжанова А.К. жаңа технология әдістерін, жаңа платформаларды пайдалана отыра өз ашық сабақтарын берсе, Қапсалықова С.Қ, Оралбаева К.Ө. сабақтарды өткізуде қолданылатын тиімді платформаларды қалай қолдану керектігі және жаратылыстану сабақтарында зертханалық жұмыстарды қалай жүргізу керектігі жөнінде өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Келген қонақтарымыз өз пікірлерін айтып, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, оң бағаларын берді.

 

risunok1  risunok2  risunok3  risunok4  risunok5  risunok6