13.03.2024 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен "Адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында дәстүрлі "Әбіш оқулары" байқауы өткізілді. Байқауға Арқалық білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептері қатысты. Байқау 4 бағыт бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша иллюстрациялық сурет бағыты бойынша Жақсылық Жәнібек І орын алып, облысқа жолдама алды. "Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша Ердаулетқызы Томирис ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Канапина Г.О.