oC

08.04-16.04.24 ж мектеп-гимназиясында 1-2 сынып оқушыларының «Бастауыш - білім бастауы» тақырыбында апталығы өтті. Апталық салтанатты ашылудан басталды. Оқушылар ашылу салтанатында ән айтып, би билеп, сахналық қойылымдар қойып, өз өнерлерін көрсетті.

Апталық барысында ұстаздар өз сыныптарымен ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Катешова Н.Т. 1"А" сыныбымен дүниетану пәнінен "Ежелгі адамдар жайлы мәлімет" , 1 "Б" сыныбымен Садуова Ж.Т.жаратылыстану пәнінен "Жасанды жарық көзі", Қапсұлтан Т.Т. 1 "В" сыныбымен ана тілі пәнінен "Заттың атын білдіретін сөздер. Допта керек, доста керек", 1 "Г" сыныбымен Қапсалықова С.Қ. математика пәнінен "20-ға дейін 2-ден топтап санау" тақырыптарында өткізсе, 2 сыныптар бойынша Каненова Б.К. 2 "А" сыныбымен математика пәнінен "Көбейту мен бөлуге берілген жанама түрде тұжырымдалған есептер", 2 "Б" сыныбымен Бажыканова С.А. қазақ тілі пәнінен "Дара және күрдел іетістік", 2 "Г" сыныбымен Дүйсенкулова М.У. әдебиеттік оқу "Қорықтар", 2 "Д" сыныбымен Қаби М.Ә.

"Дара және күрделі зат есім" тақырыптарында өткізді. Әр өткізілген сабақ өзінің ерекшелігімен көрінді, Әр мұғалім бір-біріне ұқсас емес жаңа технологиялар, әдістер, платформаларды өз сабақтарында тиімді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді. Сабақтар жоғарғы деңгейде өтті. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін деп тілейміз!