oC

Астана қаласында жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған "Әлкей Марғұлан мұрасы-ұлттық рухани байлығы" атты республикалық конференция өтті. Аталған конференцияға мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Уахит Меруерт сұңғатқызы "Әлкей Марғұланның ерлік жырындағы әлеуметтік сарынға берген бағасы" тақырыбында баяндама жасап І орынға ие болып, республикалық деңгейде өз тәжірибесімен бөлісіп жеңімпаз атанды. Жеңісіңіз құтты болсын!