30.04.2024 жылы Кейкі батыр атындағы №4 орта мектеп базасында Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің жас мамандары арасында "Үздік жас маман-2024" байқауы өтті. Байқауға қалалық білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің жас мамандары қатысты. Сайыс үш кезеңнен өтті. Өзін-өзі таныстыру, үздік сабақ жоспары және шебер сағаты. Сайысқа барлығы тоғыз жас маман қатысты. Сайыс қорытыныдысы бойынша мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебеиеті пәнінің мұғалімі Уахит Меруерт Сұңғатқызы бас жүлдеге ие болды. Жеңісіңіз құтты болсын!