04.04.2024 жылы Ш.Уалиханов атындағы №1 мектеп базасында 3-4 сынып оқушылары арасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Мұқағали жырлары" атты байқау өткізілді. Байқауға қалалық білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептерінің 3-4 сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша мектеп-гимназиямыздың 3 "В" сынып оқушысы Қайыржан Аягөз жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Абдрахманова А.С.. Жеңістеріңіз құтты болсын!