oC

 

17.04.2024 жылы қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы" базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жұмыстардың қалалық кезеңі өтті. Байқауға қала және ауыл мектептерінің 4-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың төрт оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Математика бағыты бойынша 9 "Г" сынып оқушысы Утегенова А жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Баяхметова К.Б.. Информатика бағыты бойынша 9 "Г" сынып оқушысы Қуаныш М І орынға, 9 "Б" сынып оқушысы Кадирбекова Д ІІ орынға ие болды. Жетекшілері Дүйсенов Қ.А., Жаксылыкова З. "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және келешектегі туристік маршруттар" бағыты бойынша ағылшын тілінен 9 "А" сынып оқушысы Егинбаева Е жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Капакова А.Ш.. Бірінші орын алған Қуаныш М, Егинбаева Е облысқа жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!